АРНАЙЫ ТАПСЫРЫСПЕН ТІГІЛЕТІН ОТАНДЫҚ СӨМКЕЛЕР БРЕНДІ
Дамыс Болатхан. Отандық брендтің негізін қалаушы. Еуразия Дизайнерлер Одағының мүшесі."Жылдың үздік дизайнері - 2019" медалінің иегері.1992 жылы дүниеге келген. Дизайнердің еңбек жолы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болудан басталған. Ал жеке кәсібін 2018 жылы қолға алды. Аз уақыт ішінде "Дамыс" бренд сөмкелері 5 шет мемлекеттің сұранысына ие болды. Сондай-ақ, бүгінде Қазақстанның барлық өңіріне жеткізілуде. Отандық өнімнің басты ерекшелігі - сапа және ұлттық нақыш. "DamysBrand" компаниясыда сөмкенің барлық түрлері тігіледі. Одан бөлек, авторлық үлгідегі жайнамаз, медициналық маска бар. Онымен қоса, дизайнерлік спорттық киімдер, әмияндар мен белдіктер топтамасын шығару жоспарда бар. Дамыс Болатханұлы - "DAMYS" брендтік топтамасы арқылы, қазақ елін әлемге танытуды мақсат етеді.